Тарихи Тараз шаһарындағы мерейтой

Тарихи Тараз шаһарындағы мерейтой
жеке
блог

Қазан айының 20-шы жұлдызында Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті 50 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын  өтті.Аталған іс шараға ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, институт түлектері , шетелдік ғалымдар, сонымен қатар елімізге белгілі азаматтар мен лауазымды тұлғалар жиналды.Айта кетейік Оңтүстік өңірдегі жаңа тұрпатты замануи педагогтар дайындайтын бірден бір мемлекеттік оқу орны.Университет XIX ғасырдың 60-жылдары іргетасы қаланған болатын. Осы жылдар аралығында киелі шаңырағымыздан елімізге әйгілі даңқты тұлғалар түлеп ұшты.

 
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне арнау
   
Өзіндік жатыр жолы дараланған,
Жырдан шашу арнайды ұлың саған!
Ұстаз деген ұлағатты ұлы есімді,
Қастерлейтін ұландары біздер болған.
 
Қара шаңырақ!
Сен асқар таудай бір биіксің!
Шыңына көз жетпейтін!
 
Қара шаңырақ!
Сылдырлаған бұлақтың суындай,
Тұп-тұнықтығы кетпейтін!
 
Тарихи шаһарымның куәгері,
Шам шырақ білімнің сен бұлағы едің.
Толдың міне жарты ғасыр артқа тастап,
Талай түлек ұшырдың,нардай баптап!
 
Кешегі өткен Ыбырайдың ұрпағымыз,
"Жаса қазақ" бұл біздің ұранымыз!
Ұстаздарды тәрбиелейтін Ұлы Орда
"Мың алғыс" тек саған айтарымыз!