Аспанға қараймын...

Аспанға қараймын...
жеке
блог
Жүргендей болам, ғажапты біраз мен күтіп
Жанымда жүрген сағыныш әбден мың түтіп.
Мұңымды , сірә, осылай басқым келеді
Аспанға қарайм, бір сәтте бәрін ұмытып.
 
Жұлдыздар маған тыныштық беріп тұрғандай
Жымыңдап бәрі, көңілге демеу болғандай
Шектеулі уақыт жазады, бірақ, жараны
Қайтадан қинап, басталар менде сор маңдай
 
Тырысам жиі өзімді мықты ұстауға,
Осыны, шіркін, көтерер менде күш қайда?
Сабырға келіп, уақытпен демеп келемін
Жүрекке түскен, ерітіп алып мұз тауға.
 
Арманым менің қиялда қалды орынсыз.
Жарқырап жазда, жаныма келді қоңыр күз
Тағы да сол мұң, тағы да сол бір тарығу
Жабығам, міне, өмірдің өзі көңілсіз. 
 
Аллаға шүкір, жай ғана сенің барыңа,
Осынша мұңды сыйладың менің жаныма
Өтініп сенен тек бір нәрсе сұраймын
Жолыкпа мүлде, айналма енді бағыма.. 
 
Мен саған шын бақытты тілеп жүремін,
Сыртыңнан маған  керегі сені білгенім
Қайтейін енді, қиналғым менің келмейді
Қоспаған бізді, тағдырым соны білемін.