Жазу

Жазу
жеке
блог

Жазбасам да жұлдыздарға қара өлең,
Болмаса да жырым менің хит әуен,
Өз өнерім өзіме менің ұнайды,
Жабыққанда жанға серік жылы әлем.

Шыдатпайды шабыт келсе қаламым,
Ақ қағазға жырын төгіп тынатын,
Ақтарылшы ішімдегі мұң қайғы,
Мазалайтын ұйқы бермей талай түн.

Жаман ойлар мені әркез талайтын,
Сенімсіздік сес көрсетіп қоймайтын,
Болмашы бір нәрсені жазбашы деп,
Санамды улап, жүрегімді алдайтын.

Басымдағы тоқсан ой тоғысқанда,
Жүректегі жақсы жаман соғысқанда,
Ойларымды шумақ қылып шашамын,
Бір пайдаға жарар ма деп қызыққанға.

31.08.2017
©Шиелінің жігіті

#Shieliman #Шиелініңжігіті #Өлең