Суретші инені бір мая шөп арасынан екі тәулік іздеген

Парижде көпшілікке танымал суретші өзінің перформансы барысында бір мая шөптің арасынан инені екі тәулік бойы іздеп тапты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нью-Йоркте тұратын 27жастағы суретші Свен Захзальбер перформансқа тегін қатысуға келісті. Ол өз жұмысы үшін гонорар алмаған, оған тек Нью-Йорктен ұшып келген жолақысы ғана төленген.

Инені бір мая шөптің арасына Palais de Tokyo қазіргі заман өнері мұражайының директоры Жан де Луаси жасырған. Оны іздеп табу екі күнге созылады деп болжанған. Күнде ешкімнің көмегінсіз 12 сағаттан жұмыс жасаған суретіш оны екінші күні тапқан.

Свен Захзальбер суретшіден шаңғышыға ойысып, мамандығын ауыстырған деп жазады аталмыш басылым. Оның перформанстары әдеттен тыс, оғаш және қажырлы қылықтарымен ерекшеленеді. Мысалы, ол улы саңырауқұлақтарды жеген, бір тәулікті сиырмен бір бөлмеде өткізген, жуан ағашты қоларамен кескен және с.с. т.б. Париждегі перформанс – 2012 жылғы Лондондағы Limoncello Gallery перформансын қайталау.

сурет: drunov.ru