Іске сәт, ізгі Талапкер!

Тарыдай кірген есіктен,

Таудай болып шықтың ба?

Алдыға зор үмітпен,

Жолаушы болып жорттың ба?

Алдыңда түрлі кедергі,

Алдыңда жатқан соқпақ жол.

Білім бе саған керегі,

Жігерлі, батыл, шапшң бол.

Оңай ма өмір сынағы,

Мұңайма, болғын шынайы.

Сенімен менғой ертеңгі

Тәуелсіз елдің пырағы.

ҰБТ емес ең қиын!

ҰБТ емес ең соңғы!

Сынақтың әлі түрлісі,

Уақыттың ғана еншісі.

Ғашап қой өмір, еліміз.

Жастармен өсіп, өнеміз.

Айтып кеткен Мағжанда,

Біз жастарға сенеміз.

Талаптың мініп тұлпарын,

Белестермен шауып кел.

Ағаңнан, ізгі тілекпен!

 -Іске сәт, деймін, Талапкер!



Бөлісу: