Кел, келе ғой, көктем, менің қасыма!

Мамыражай сұлу көктем - бұл көктем,

Жердің бетін бір-ақ сүйіп гүлдеткен.

Мұңлы жүзді күлдіртуге құмар-ақ

Мейірімді еді біздің күн неткен!


Бұтақтардың бүршігінен шыға мен

Ауа сызып, жерге қарай құлап ем.

Күлте кірпіктерді бояйм дегені -

Табанымның астындағы бір әлем.


Қолдарымды созғым келді бар талша

Саусақ ұшы саусағыңмен жалғанса

Сен сонда кеп маңдайымнан сүйсең ғой,

Тұра берер ме едім солып қалғанша...


Кел, келе ғой, көктем, менің қасыма

Бір қасық күн салып берші асыма.

Махаббаты ағыл-тегіл сиқыршы,

Бір үзік гүл тағып кетші шашыма.


Жұлдыз БЕЙСЕК.



Бөлісу: