Мен қазақтың қызымын

Мен қазақтың қызымын, иланып ал,
Көзіне нұр, көңліне күй дарыған.
Тілегі жаңылмаған жақсылықтан,
Жүрегі арылмаған иманынан

Мен қазақтың қызымын, жау да илеген,
Жетелеген бара рухы,ән-күйімен.
Туғаннан тал бесікке бөлеп мені,
Тербеткен алып дала әлдиімен.

Мен қазақтың қызымын, көктемімін,
Көркіне сәуле құйған көктегі күн.
Жерімнің тағдырымын тарихымын,
Елімнің болашағы- өткенімін.

Қасиетті қалықтың қызымын мен,
Ет- жүрегі елжіреп,жүзі күлген.
Ертеңіне қарайлап мол үмітпен,
Өткеніне құрметпен жүз үңілген. 

 



Бөлісу: