Кешір бізді әппақ қар...

Қуаныш жоқ – жылап жатқан ақ қарда,

Ақтығыңды айтып текке ақталма.

Жақсылықтың бәрін солай жасырар,

Өмір өткен шақтарға...


Ақты қудық, көп күрсінді ол сыя алмай,

Әділміз деп неге айтамыз ұялмай?!

Жасқа айналып сырғыдың жер бетінен,

Мөлтілдедім, ал мен сені қия алмай.


Айтылатын сөзді алғанбыз жаттап бар,

Белшемізден батып тұрып батпаққа.

Ақ боп келсең, қара түске малатын

Кешір бізді әппақ қар...

Жұлдыз Бейсек.



Бөлісу: