Поэзиядан тарту

Поэзиядан тарту
жеке
блог

Анашым менің,маxаббатым мәңгілік
Атыңды сенің жырыма қосам ән қылып.
Сиқыршы болсам,өзгертер ем өміріңді,
Гүл сезімнің бақшасына сән құрып.
Болса егер солай,бола алсам сондай анашым:
Ешбір қайғы шалмас еді қабағыңды
Көрер ем әркез бақытты сенің жанарыңды
Әлемді күллі мейірлі етіп танытқан
Ғазиз анам,орындар ем сенің барша арманыңды.
Бірақ...Бірақ...
Мен сиқыршы емен ,жаным-ана
Болмасам-дағы тілерім сенің бақытың ғана
Ал,мен үшін нағыз бақыт дегенің,
Перзенті болу,сендей ананың-дана
Ана,ақылың дария,көрмедім сендей кемеңгерді
Шыдамың шексіз,алақаның неткен аялы еді!
Әрқашан ана,оқысаң деймін жанарымнан,
"Мен сізді бақытты етем"дегеніңді! ❤️