Соңғы хат

Соңғы хат
жеке
блог

Соңғы хат...

Өзіңнен қалған естелік те бар көзіме күйік болатын,

Бірге өткізген кештерімде бар есіме жиі алатын.

Жақсы күндерім, тәтті түндерім есімде әркез қалатын,

Айналамда бір, өзіндей адамды ойыма күнде салатын.

Шын сүйіп едім, болмады әттең жолымыз екіге айырылды,

Кей кезде ойлап жүрек шіркінде тулады кеп қайғырды.

Ғашық жүрегім жібергісі келмей біртүрлі болып қыймады,

Өзегім өртеніп, сағынып  ойлап өз-өзіме сыймады.

Жарайды қойшы, бақытты болшы сүйгенінмен бірге бол,

Өзіңді күтші, ауырып қалмашы, әрқашанда абай бол.

Қай жерде жүрсеңде тек биікте жүр жаратқан ием қолдасын,

Аман жүр жаным бақытты бол алла тағалам оңдасын.

Авторы:Ерке Амантаева