Менің мекенім - бақыттылардың аймағы

Қауқарым жоқ жырлауға өмірді Мұқаңдай, 

Жүрмін өмірдің сəттерін неге күте алмай? ! 

Сүрінбей, есен, сау болып, төзіп жүр біреу, 

Ал енді біреу өмір сүріп жүр мұқалмай. 

Біреуге бақыт, біреуге қайғы сыйлаған. 

Біреуді күтіп, біреудің жанын қинаған. 

Дегенмен, мен бақыттымын, 

Сол себепті де бақыт барына иланам(ын). 

Біреуге отбасы, біреуге байлық жетпейді, 

Келіссең келіс, сенбесең ары кет мейлі. 

Қолымда барым - бақытым менің, байлығым, 

Болашақ, мансап маған еш аздық етпейді. 

Тартысқа толы өмірдің мына айлағы, 

Рухани соғыс, махаббаттың бар майданы. 

Өмір керемет, басқасы, мейлі, құрысын, 

Менің мекенім - бақыттылардың аймағы! 



Бөлісу: