Өзімнің жайым

Бip мезетте ұмыт болды.
Ойламаған,күтпеген,
Жүрекке жаңа үмiт толды,
Сөндіріп мұңды бiтпеген.

Көңілге түскен қаяулар,
Өшірілді жаным бетінен.
Мен жетпеген көп қиялар,
Жағалап келем шетін мен.

Аңсаған асқар арманға,
Сара жол салдым қаламмен.
Адасып кірсем орманға,
Сырласам дархан даламмен.

Ай мен күн болған жолдасым,
Сіңіргем бойыма сәуле-нұр.
Қыратты,ойпатты болмасын,
Даңғыл жол артында,білем,тұр.

Шөлдегем сахара шөлінде,
Сусындап өнердің нәрімен.
Батқанмын білімнің көлінде,
Батып та барамын әлі мен.

Бораса ақ боран ақпанда,
Жүректе ыстығы шілденің.
Аспаннан мың жұлдыз аққанда,
Жалғыз-ақ нәрсе тілегім.

Жаңбырдың мөлдір тамшысы,
Ырысымын жердің,көгалдың,
Атқамінер ердің қамшысы,
Жол жоқ демедім жоғалдым.

Оқ жетпес таумын,биікпін,
Аңыз боп қалған ғасырға.
Қазаққа қастерлі киікпін,
Табынған көк бөрі қасқырға.

 Тербеген жүректі сезімім,
Ғашықпын өмірдің өзіне.
Бабаның кешегі көзімін,
Теңеген қылышын сөзіне!

 

 




 





Бөлісу: