Достық әзіл - «Аттан, Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбекке

        Достық әзіл - «Аттан, Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбекке
жеке
блог

Дүрліктіріп қаланы,

Дүрліктіріп даланы.

Аттандаған қажы үні

Құлағыңды жарады.

 

Қазақстан былай қап

Қажымыз, а, Құдайлап,

Америкаға айбынын

Танытқаны шын айғақ.

 

Сынаққа құмар пенделер,

Қажыдан үркіп сенделер...

Төсектерін ұлғайтты,

Тоқалқұмар өңгелер.

 

Сан теректің басында,

Ізі қалды расында

Бірде ұқсап құйынға,

Бірде ұқсап жасынға.

 

Хақ мұсылман Алланың

Көрген басқа салғанын.

Қажы болсам дегенді

Қажыға алып барғанын.

 

Біледі жұрт  біледі,

Дархан неткен жүрегі.

Десе бірі, кейбірі

Ішегі қатып күледі.

 

Не десе жұрт о десін,

Елемесін Елесін.

Амантай қажы дер едім,

Мен білетін Ұлы есім.

 

Сол қажымыз тағы да,

Президенттің тағына

Өтініш алып беттеді,

Сүйенген тіл мен жағына.

 

Тілші үні жарып ауаны,

Сол сәтте – ақ хабар тарады.

Дауаламай тауаны,

Сынаққа түспей қажының

Жалтырады табаны...

 

Не десеңдер о, деңдер,

Амантай қажы жарады.

Тамсандырар ұрпақты

Артында аңыз қалады.

Жарады қажы жарады.


    Сүлеймен Баязитов