Павлодарда «Қос тіл қос қанат» атты ақындардың жыр жинағы жарыққа шықты

Павлодарда «Қос тіл қос қанат» атты ақындардың жыр жинағы жарыққа шықты
жеке
блог

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханада «Қос тіл қос қанат» немесе «Два языка как два крыла» кітабының тұсаукесері өтті деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Жергілікті қазақ және орыс ақындарының әдеби жинағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай жарыққа шықты. Құрастырушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сүлеймен Баязитов пен Павлодардағы орыс ақыны Ольга Григорьева. Жинаққа Павлодар ақындарының орыс тілінен қазақ және қазақшадан орыс тіліне жасалған аудармалары топтастырылған.

- Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына кішкентай болса да тарту жасағым келді. Ақын болған соң кітап шығарудан басқа не істейміз.Содан кейін ең әуелі ақын Ольга Григорьевамен ақылдаса отырып, басқа да орыстілді ақындарға аудармаларымызды топтастырып, бір кітап шығару туралы ұсыныс жасадым. Олар да құптады. Сонымен Ольга Григорьеваның, Елена Игнатовскаяның, Талғат Гариповтың және орыстың көрнекті шайыры Павель Васильевтің 70-тей өлеңін аудардым. Олар да өз кезегінде менің біртоп шығармамды орыс тіліне сөйлетті. Кітап 100 дана. Бұл тек өзіміздің қаражатымызға шығарылды. Алдағы уақытта демеушілер табылып жатса тағы да еселеп шығаруға болады, - дейді ақсақал.

        КОНЬ

Топтал павлодарские травы недаром,

От Гробны до Тыса ходил по базарам.

Играл на обман средь приезжих людей

За полные горсти кудлатых трефей.

И поднимали кругом карусели

Веселые ситцевые метели.

Пришли табуны по сожженным степям,

Я в зубы смотрел приведенным коням.

Залетное счастье настигло меня —

Я выбрал себе на базаре коня.

В дорогах моих на таком не пропасть —

Чиста вороная, атласная масть.

Горячая пена на бедрах остыла,

Под тонкою кожей — тяжелые жилы.

Взглянул я в глаза — высоки и остры,

Навстречу рванулись степные костры.

Папаху о землю! Любуйся да стой!

Не грива, а коршун на шее крутой.

Неделю с хозяином пили и ели,

Шумели цветных каруселей метели.

Прощай же, хозяин! Навстречу нахлынет

Поднявшейся горечью ветер полыни.

Навстречу нахлынут по гривам песков

Горячие вьюги побед и боев.

От Гробны до Тыса по логам и склонам

Распахнут закат полотнищем червонным.

Над Первой над Конной издалека

На нас лебедями летят облака.

 

           Ат 

Павлодардың  көдесін текке таптаман,

Базар кезіп Гробнодан Тысаға аттанам.

Келген жұртты алдау үшін ойнадым,

Уыс толы олжа таппай қоймадым.

Әткеншектер көздің жауын алатындай айнала

Көңіліңді аулар еді жай ғана,

Қырдан келген табындардың ішінен

Аузын ашып ат таңдадым тісінен,

Аумалы бақ мағандағы бұйырды.

Ат алдым базардан аңдарсың күйімді,

Қалдырмас  ол мені, сірә, алыс-жақын жолда ол.

Атыластай құлпырған қара түсті сәйгүлік енді

Маған жолдас ол.

Булы көбік үстін жапқан сапардан соң салқындаған,

Жуан тамыр жұқа тері астында тыным таппай солқылдар.

Жанарымды қадаған ем терең өткір от ойнаған көзіне,

Алаулаған қыр оттары елестеді көзіме.

Папахаңды жерге ұр да қара да тұр қағып сәтке таңдайды,

Жел желпіген жібектейін қара жолы қандай-ды.

Қожасымен іштік, жедік қысыр сөзден ауызымыз көпіріп,

Әткеншекті құйындатып тептік дерсің лепіріп.

Хош бол, қожа, алдымыздан аңқиды иісі жусанның,

Таңдай кеуіп алыс жолда қатты шаршап сусадым.

Шықты неше қарсы алдымнан құм дағы,

Ұйтқи соққан бұрқасыны жеңіспенен ұрыстардың мұндағы.

Гробниден Тысаға дейін сайды, баурайды,

Батқан күннің сәулесі матадан червон аумайды.

Бірінші мен атты әскердің аттарының тиген табаны

Ақша бұлттар бізге алыстан аққу боп қанат қағады.

                  ПАВЕЛ  ВАСИЛЬЕВ

       Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов 

Жаңа туындының тұсаукесеріне павлодарлық ақын-жазушылар жиналып, авторларды жаңа еңбектерінің жарыққа шығуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

 

      Тілеуберді Сахаба