Қарындасым

Қарындасым
жеке
блог

Көгімдегі күнімсің күлімдеген
Бұлағындай асқар таудың мөлдіреген
Мейірімді Аллаға шүкір етем
Көзімнің жанарындай сені берген
**************
Қарындасым, сенсің өмір өзенім
Сен мұңайсаң, өртенер ау өзегім
Қасымда сен қолқанат боп жүргейсің
Дүниенің кеңдігін сен арқылы сеземін
************** 
Көзімнен жырақ кетсең тағатсыз ағаң тосар
Сағынып жұпарыңды, құшақтап мауқын басар
Мендегі бар көңілдің өзіңсің дәрумені
Сендегі шат көңілің шексіз ақ таңға ұласар
************** 

Қалқатайым, сенсің барым мендегі
Жабырқап сен қалсаң да ойлайсың ау бір мені
Қарындасым, жанымда жүрші әр кез жадырап
Еркелігің, күлгенің - өмірімнің өрнегі!
 
(с) Автор: Бауыржан Жаңатілеу