Саған мендей жігітті жолықтырмас.

Сен деп соққан жүректің білші халін
Сенсіз жұтқан ауаға тұншығамын.
Бармағыңды кейіннен тістеп қалма
Тағдыр жазған мен болып шын сыңарың.

Ұға алмадым сендегі мақсат қандай
Делі-құлы күй кештім көк соққандай.
Сені әйтеуір ешкім де жылатпасын
Еш соққысыз сен мені ақсатқандай.

Көңілдесің, көзімнен кеткеніңмен
Жан едің періштедей боп көрінген.
Күздіңгүні жаныма күз сыйламай
Жылытсаңшы жарқыным от деміңмен.

Есіңде ме мен айтқан сөз кешегі
Бір жүргенде шырайың өзгеше еді.
Саған мендей жігітті жолықтырмас
Маған сендей талай қыз кездеседі... 
#тасжүрек



Бөлісу: