Егемен  өлең!
жеке
блог

Егемен өлең!

Дүрбелең дағдарысқа халқым батып,
Тұрғанда құнды болмас алтын да түк.
Мен қалай жүре аламын жұртым барда
Нарқымды кеудемде алып, жарқылдатып?

Бағымды бар береке бойына алып,
Тағдырдың талқысы өліп, тойы дамып.
Көшеде қайыршыны көргенімде
Ұрынам жүргендерге тойып алып.

Қуанышын жырлармын, қайғысында,
Ашып айтам жайсызын, жайлысында.
Тарихының мөрі бар әр тасында,
Алдаспанның жүзінде, найза ұшында.

Уақыт - кеме, ағыстар тұрмай гулеп,
пернелері шертілер сырнацйды үрлеп.
Көк тәңірім жаратқан о басында
Еркіндігін елімнің жырлайды деп!

Ордасынан сөгілер көшкенде ірге,
Таң атып, паң болғанда кештер мүлде.
Атақ- даңқ, ақша-байлық, бәрі-бәрі,
Көк тиын!
Еркіндіксіз кешкен күнде!