"Ізгіліктер"

Ізгіліктер – жетелейді адамзатты мұратқа,

Мейлі өзің құласаң да, ізгілікті құлатпа.

Бар ізгілік қасиеттер болса егер бойыңда,

Аты-шулы жамандықтың бәрі қалар жырақта.

 

Ізгілік ол – жарқын пейіл, жақсы мінез бойыңда,

Жақсылықтың бәрі-бәрі жақсы адамның қолында.

Ізгіліктер ізгі адамның қалыптасар бойында

Ізгі ниет, ізгі амал болса адамның ойында.

 

Өзің ізгі болсаң дағы ізгілікті білесің

Дұрыс қайсы, бұрыс қайсы құлағыңа ілесің.

Жақсылықты жақсы адам әр күн жасап жүреді

Ізгі болсаң сенің дағы болсын онда үлесің.



Бөлісу: