Қайғымен бөлісу #1
жеке
блог

Қайғымен бөлісу #1

1. Ғашық болдың, сүйдің досым, түсінем,

Жабырқаулы сені көріп күрсінем.

Бауыр басып қалғансың ғой сен оған, 

Одан да артық табылады,мен білем. 


2. Сүймейді екен,ұмытсаңшы бауырым,

Бұл өмірде қиындық бар,ауыр тым.

Сен үшін қайғырып мына дүниеде, 

Семен бірге бақыт үшін алыстым.


3.Өмір-сынақ,сай-саладан құралған,

Адам бар ма,қиындықсыз жаралған?!

Махаббатқа қайғырудың қажеті жоқ, 

Кеткен жан ешқашанда оралмаған...


4. Бір жігітке сегіз қыздан келеді, 

Сол сегіздің жетеуі де әдемі. 

Сен біреуімен ғана жүріп болдың ғой, 

Жетеуі де, әлі артыңнан ереді.