Сені көргім келеді

Сені көргім келеді
жеке
блог


Жарқырап шыққан ақ таңда

Таңшолпан жұлдыз атқанда.
Қап-қара түнді тыйдырып,
Күн саулесін жаққанда.
СЕНІ КӨРГІМ КЕЛЕДІ.

Жұлдыздар жанып аспанда.
Ай саулесін шашқанда.
Түн түсіп мына әлемге
Қараңғылық басқанда
СЕНІ КӨРГІМ КЕЛЕДІ

Жылдарда жылжып өткенде
Ақ қарды аспан төккенде,
Күндермен күндер ауысып
Жаздада тіпті көктемде
СЕНІ КӨРГІМ КЕЛЕДІ

Сапарға ісім түскенде
Әл кетіп бойдан күштенде
Козімді іліп жатып ап ,
Ұйқтасам түнде түстенде
СЕНІ КӨРГІМ КЕЛЕДІ

Күлкіден шегім қатқанда
Жымыйып езу тартқанда
Қуанышымды болісіп
Достарым келіп жатқанда
СЕНІ КӨРГІМ КЕЛЕДІ

Қуаныш,қайғы мұңдада
Қыйналып жаным тынғанда
Өзіңді аңсап асылым
Қос көзімді жұмғанда
СЕНІ КӨРГІМ КЕЛЕДІ.

Албырт бір осы жасымда
Бағым боп орнап басымда
СЕНІ КӨРГІМ КЕЛГЕНДЕ
Болсаңшы менің қасымда..