Жүрек толғауы
жеке
блог

Жүрек толғауы

Жыр арнадым тек өзіңе тағы да,

Ғұмыр кешіп келем сені сағына.

Шаттық сыйлап, бақыт сыйлап жаныма,

Неге қалқам, жаралмадың бағыма?!

Сені аңсаймын, сені аңсаймын мәңгілік,

Жүрегімде тербетемін ән ғылып.

Бұрынғыдай баққа барайық біз бірге,

Достарменен күліп-ойнап, сән құрып.

Құс боп ұшып жеткізбеген арманым,

Қайта оралмай, неге мені алдадың?!

Сені күтіп сағыныштан сарғайдым,

Неге менің сыңарым боп қалмадың?!

Айта алмадым өзіңді мен күнім деп,

Қасыма сен келші қазір күлімдеп,

Еркелетіп бізді аунатқан төсінде,

Боз даланың сыйға тартайын гүлен кеп.