Барыс

Барыс
жеке
блог

Көктен туған нұрдың бар-тын баласы,

Сәуле түсіп белгілепті даласын.

Кәусәр бұлақ бөліп асыл тамшысын,

Сүттен құйып әрленіпті анасы.

 

Өткен күнде күннің сүйген тасы бар,

Тастан туып тізбектелген асылдар.

Асылдығы тән құраған сүйекте,

Буын-буын Қазақ десіп тарсылдар.

 

Тасқа батып ер бабам күннен туған,

Шашы сәуле өрімінде ар буған.

Ат үстінде жарқыраудан найзасы,

Бұрындары Нұқ тоқтаған тау туған.

 

Ерке желмен ән салардай баулары,

Алла тізген батырлардай таулары.

Жер жүрегі Мекке де, жер кіндігі,

Жетісуда жол тарабы қаулады.

 

Әл-Фараби туған қала Отырар,

Сыйлағанды жүзмізде оты бар.                 

Білім өрбіп домалап та , дөңгелер,

Доңғалақтың доңғаларға жолы бар.

 

Бейбіт сөзі өзі келіп қонғандай,

Дүрдаразым кигіз үйде тонғандай.

Кигіз үйден шыққан текті қазақпыз,

Сыйластығым үйімізде тұрғандай.

 

Өзім емес, өзге десер халықпыз,

Өзге десіп жер асылында алыппыз

Дүрілдеген соғыс оты жайпарда,

От аузына еркімізбен барыппыз.

 

Қадам нықтап кең иықпен жаралған,

Өздігінен төрт түстікке таралған.

Алтын түкті, болат тісті, алмас көз,

Барыс едік жаңа туған қараңнан!

 

ТӨРЕХАН Арыстан