ИБРАГИМ НҮСІПБАЕВҚА АРНАУ

ИБРАГИМ НҮСІПБАЕВҚА АРНАУ
жеке
блог

Атамекен шежірені толғаған.

Туған жердің топырағына аунаған.

Кең жайлауда еркін өскен ән ағам

Қазағымның баласына ән жазған.

 

Жас жүректі әніңменен тербеттің.

Сырлы сезім саздарыңмен өрлеттің.

Қазағымның ұлымын деп тайсалмай,

Жүректердің отын жағып өрлеттің.

 

Өз елімді, қазағымды мақтадың.

Отан, ана, бақыт жайлы ән жаздың.

Батырлармен таланттарды түгендеп,

Өз алдына ән ғып жазып бастадың.

 

Мен өзіңді құрметтеймін әрқашан.

Өзіңе арнап жыр жазамын тынбастан.

Сенің әнің, сенің жаның жыр дастан.

Сенің көзің тұңғиық бір көк аспан.

 

Туған күнің тойланады бүгінде.

Туған күнің тойланады кейінде.

Ұрпағың бар ұмытпайтын әрқашан

Еске аламыз таңның нұрлы күнінде.

 

Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға тиым салынады.