Мен сүйген Күз ғой...

Мен сүйген Күз ғой
хош-хош демеді,
Қараша соңы қыраулы…
Үйренсең егер дос көп деп еді,
Сатқындығына шыдауды.

Өмірге мына сыя алмай тұрмын,
Қурап қалары тосын деп.
Қиялдап тұрмын, қия алмай тұрмын
Күз – менің жалғыз досым деп.

Сарғайды олар...
Сарғайдым мен де
Дәніндей сонау қырманның
Жапырақтай болып самғадым мен де,
Кетпе деп бөгеп тұрған кім?...

Күрсінген едім кешіп наланы
Қурап та қалар ма екен деп?!
Сап-сары жапырақ көшіп барады
Сары айды мекен етем деп...

Жұлдыз БЕЙСЕК.



Бөлісу: