Алдамшы дүние

Алдамшы дүние
жеке
блог

Жанымды қара мұң құрықтап,
Дүниеге неге құныққам?!
Алдамшы екен ау бәрі де,
Сағымдай тұрмайтын тұрақтап.

Атақ, байлық, мәнсап, ақша да,
Болмайды жаныма еш пана.
Әттең қалай ғана ұмытқам?
Өмірден өтерін патша да!

Тәңірімнен болмас жат пана,
Жаратқан құлыңды тастама!
Қорқытта еш пана таппаған,
Өлімнен қаншама қашса да.

Қара мұң жаныңды қысқанда,
Дүниең жылытпас қыстарда.
Көлік, үй жер бетінде қалар,
Ажал сені кеп құшқанда.

Алла сынақ берген құлына,
Жәннәт кілтін беріп қолына.
Шайтанмен кеңесіп құлдары,
Дүниеге тоймас құныға..