Ақын ғұмыр

Ақын ғұмыр
жеке
блог
Айтбек Абзалбекұлы ҚАЛМЕТТЕГІ -1948 жылы Қарағанды обылысы, Қарқаралы ауданына қарасты Едірей өңірінде дүниеге келген.  Өмір жолында траторға отырып,  жер өндеп, комбайнмен егіп орып, автокөлікпен шаруашылық жүктерін тасып еңбек еткен.  еңбек жолында марапатқа ие болды. обылыстың таңдаулы механизаторы.  Лениндик Құрмет граматасының және ІІІ - ші дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегері.
 
Алдамшы ғұмыр
 
Өмірге мына мән бере ендім жалтаңдап,
Тіршілік менсіз жатқандай - ақ қараң қап.
Өң менен түстің арасы екені бұл жалған,
Алданып қалдым кеш сезіп сырын арандап.
 
Қалады аспан, қалады жер далаңда,
Қалады артта, болмағандай түк ғаламда.
Қалмайды белгі сенің де өткен жолыңнан,
Қалады бәрі айналып бұлдыр сағымға.
 
Керексің  елге тіршілік құрған шағында,
Жемісін жерсің болса тек өз бағыңда.
Іздемейді сені күтпейді онда ешкімде,
Қалмайды тіптен патша да мәңгі тағында.
 
Мен адаммын
 
Тыныштық іздеп төсегімде жатпадым,
Жолда көрдім таң рауандап атқанын.
Әлі есімде шырт ұйқыда жатқанда,
Өз үйіме жат боп есік қаққаным.
 
Бәрін де жеңдім, көрмедім алмас қиынды,
Алыпта жүрдім басшыдан топас сыйымды.
Қол ұшын беріп досқа да жатқа  тарыққан,
Зорлардан қорғап халқыма болдым сыйымды.
 
Қамықса халқым суықтан болам тоңғандай,
септігін тисе  болады орта толғандай,
Әміршіл топтар семсерін сермеп жатқанда,
Ашылып кеудем жүре беріппін - ау қорғанбай.
 
Қызылда кетті басына біткен бақ тайып,
Оңымен қалған жоқ ырыс ортайып.
"Мен адаммын" - деп айта алам жаңғырта,
Бетім ашық қараймын көкке қасқайып.