ЖҮРЕГІМНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Жазайыншы жауқазынды жыр бүгін,

Ағытайын шабытымның шылбырын.

Жанарымда сенің бейнең, Әкүтай,

Ал жүректе тұрды үнің.

Төзімімді, сезімімді көр сынап,

Жауқазын жыр сенің жырың болсын-ақ.

Махаббат тұр жүрегіңнің алдында,

Адастырмас жол сұрап.

Сенің нәзік сезіміңді күткесін,

Осы жырым, осы күнім бітпесін.

Мен бастадым леп белгілі сөйлемді,

Өзің қойшы нүктесін.

Мәжнүн қалай сүйсе өзінің Ләйлісін,

Мен де сені солай сүйем Ай-мүсін.

Бір көтеріп, бір көрейік уақыттың

Қуанышын, қайғысын

Джакондаға бұрған әлем назарын,

Да Винчидай, бірақ өлең жазамын.

Саған арнап, сені ғана әспеттеп

Менің бақыт базарым.

Мен өзіңе міне осылай құладым

Мендік жүрек сенің мекен тұрағың.

Ғұмырымда болып қалшы, Әкүтай,

Жалғыз менің сыңарым!



Бөлісу: