Махаббат, бақыт, шаттық қайдасыңдар?!

Махаббат, бақыт, шаттық қайдасыңдар?!
жеке
блог

Қалың ойлар бермейді маза маған,

Мені бұлай кім екен жазалаған?

Айта алмастан ешкімге сырларымды

Ақ параққа ойымды жаза алам.

 

Дала болса қараңғы... Тұтас қайғы...

Айда бүгін жоқ екен, нұр шашпайды.

Қара аспанда қара ойлар, қайғы бұлты

Найзағай боп жарқылдап ойқастайды.

 

Ұйқы қайда мендегі?.. Қалың қайғы.

Көңілім бір күдіктен арылмайды.

Жетім ойлар жетелеп жетегіне,

Несін мені, несіне жарылқайды?

 

Бөлейін деп мені де бесігіне,

Келді бүгін махаббат есігіме...

Аша алмауым, құшаққа баса алмауым,

Қаптаган қалың ойдың кесірінен.

 

Солқылдайды баста ми, кеудемдегі

Жүрегім де бақытқа кенелмеді.

Алауыртқан көңілім мен білмейтін

Белгісіз бір жақтарға елеңдеді.

 

Қайғы біткен жаныма жайғасып ап...

Олардың нендей маған пайдасы бар?

Күте, күте шаршадым өздеріңді...

Махаббат! Бақыт! Шаттық! Қайдасыңдар?

Жүрегіме кеп менің жайғасыңдар!

 

                                                 Сүттібай Ақсұлу