Мен оны кешірдім ғой...

Мен оны кешірдім ғой...
жеке
блог

Құлазып отыр ескіріп көңілім неге?
Мен күлген жоқпын сенің өміріңде де
Мен сені кешіргенмін,
Білмеген болып 
Өзгені сүйіп құшқан ерініңді де.

Мұңайдым неге жабырқап кеште бүгінгі?
Жылатып алған сезімді кешпей күнімді
Мен сені кешіргенмін,
Естімеген боп
Өзге жайлы ескірмес естелігіңді

Көздерім – ащы жасымның бұлағы сынды,
Кімдер тартып алады қуанышымды...
Мен оны кешірдім ғой,
Жұбатшы түн, 
Мені енді 
Жалғызыңды, 
Жылағышыңды.
Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.