Кеттің жауып есікті...

Кеттің жауып есікті...
жеке
блог

Есікті арғы жағынан кеттің жауып,
Менімен өкпелесер себеп тауып.
Кетіп қалдың,ақыры шыдай алмай,
Әйтеуір бір бағытқа бетің ауып.

Тарс жаптың,кірмейтіндей енді қайтып,
Жабысыңа қарағанда бұл да айқын.
Байғұс есік еш жазығы болмаса да,
Топсасынан тарс етіп кетті тайқып.


Айтсаңшы,өлтірсең де сен себебін,
Соғырша жанға тиер мен не дедім?
Мен де аң-таң,апам да аң-таң кері болды
Құдай ау, білдірсеңші бір дерегін!?