Сұлу күлкің,жаныма төккен нұрын

Сұлу күлкің,жаныма төккен нұрын
жеке
блог

Сұлу күлкің,жаныма төккен нұрын

 

Көтерген көңілді таңғы уақ, көк аспан

Жүріппін көп уақыт сырыңды ұқпастан

Махаббат көңілді,қайғылы болушы ед,

Ал біздің сезімді тек қайғы мұң басқан

 

Үнемі көңілсіз, сүреңсіз өтті күн

Көрмеуге бір сені жетпеді төзімім

Жаралы көгершін самғауын доғарды

Жетпеді өзіңе сағыныш сезімім

 

Сүйгені жаныңда көңілі тоятты

Ал менде мазасыз көңілім қияқты

Тастауға тартынып, баруға қорқамын

Жібекке жетпеген Төлеген сияқты

 

Көңілін айта алмай, көп адам жасынан

Сезімім тасиды, тасиды басымнан

Ұшқыр ой сан саққа кеткенмен қаншама

Жүректі тізгіндеп жыр жазып басылам

 

Сұлу күлкің, жаныма төккен нұрын

Арасына сыймаймын жер мен көктің

Кербез, сұлу Айгерім  ұмытпағын

Сен мендіксің, бәрібір мен сендікпін!

 

Алаугемдеп атқанда құла таңым

Жылап тұрған жүрегімді жұбатамын

Күдерімді үзбеген соң белгілі ғой,

Әлі күнге мен сені ұнатамын

 

Аппақ таңда ақ нұрыңды жасырып

Тұманданған қалың ойға қалдырып

Әрбір таңда өзіңе ынтық қылдың ғой

Жүрегіме сезім отын жандырып

 

Сезім гүлі күннен күнге гүлдейді

Сені ойлаусыз әр минутым өтпейді

Мына әлемде қаншама ару болғанмен

Ешқайсысы бірақ саған жетпейді

 

Жанымда бірге болған күндер елес

Алынбастай көрінер таулар белес

Басқа жан жанарыңды жауласа да

Сені ойламау мен үшін мүмкін емес

 

Көңiлiмдi мазалайды сан күдiк

Жүргенiммен шеру тартып, сан кулiп

Өзiмдi-өзiм әзер тежеп жүрмiн ғой,

Құшағыма бiр басуга ынтығып.

 

 

От сезімге оранып күйіп денем

Тағдырдың маған жазған сыйы ма екен ?

Сендік жүрек мейлі қаласын, қаламасын

Мен сені мәңгі бақи сүйіп өтем!!!