АЛҒАШҚЫ және НАҒЫЗ махаббат

АЛҒАШҚЫ және НАҒЫЗ махаббат
жеке
блог

Алғашқы және Нағыз махаббат

Ей,досым-ай!
Қу заманым,түлкібұлаң салады,
Абайлап жүр - ғашық болған кезіңде.
Махаббаттың екі-ақ түрі болады,
Екі-ақ түрін болады екен сезуге.

Ең бірінші - ол АЛҒАШҚЫ махаббат!
Жүрек - адал,көзің - соқыр,сезім - пәк.
Дағарадай төккендей бір шапағат,
Көңіл - ашық,дәсердей боп,кезің - шат.

Бойды билеп ерекше бір тылсым күш,
Жүрегіңде ғажап әуен ойнайды.
Сол әуеннің ырғағынан - күрсініс...
Түбі сені бір сорлатпай қоймайды.

Аядай бір,кеудедегі кесек ет,
Ертелі-кеш удың дәмін татады.
Шат күндерді алғандай боп еселеп,
Сезіледі арамдықтың қаһары.

Ең алғашқы қуанышқа себепкер,
Ең алғашқы махаббатың - күмәнің...
Көрсек-дағы қанша теріс себептер,
Сол күндерге таға алмаспыз шүбә мін.

Алғашқының қалмасада нақ ізі,
Өткен күнді сағынамыз,қимаймыз.
Жолыққанда махаббаттың НАҒЫЗЫ,
Ойхоой,шіркін!
Кең дүниеге сыймаймыз.

P.S:
Ғашықтықта - шынайылық маңызды!
Бұ шындықтан кімдер,қайтіп жасқанбақ?!
АЛҒАШ,НАҒЫЗ махаббатты өмірде...
Бір адамнан жолықтырып,тапсаң - бақ!

© Накпаев Аян [15.Х.2014]