Өзіңмен күрес өлгенше: Нәтижелі бірінші қадам

Сәәәәәлем, достар ;) Қалдарыңыз қалай? Мен өзіме бір апта уақыт беріп, бір жарым апта ізім ғайып боп кетіппін ғой :) Бұрын (осыдан екі жыл алдын) Массагеттің байырғы тұрғындарына «неге блогты жиі жазбайсыз?» деп, көрген сайын миларын жеейтінмін :) Уақыт жоқ деп, сұрағымды жылы ғана жауып қоятын. Соларды енді ғана түсінгендеймін.

Бір апта алдын, точнее, бір жарым апта алдын өзгеруге бел буып, жаңа серпіліспен блог жазған болатынмын. Өзіме жоспар да құрып, оны уақытыыл орындамасам «әлеуметтік желісіз үш күн» акциясын бастап кететін болғанмын. Жоспарлаған істерімді бір аптада толық бітіре алмадым да, үш күн әлеуметтік желісіз жүрдім. Сондағысы, тек инстаграм мен твиттерден бас тартуыма тура келді. Себебі, қалған әлеуметтік желілер жұмысыма  (SMM) тікелей байланысты :)

Жалпы, өзіңді өзгерту үшін өзіңмен күресті адал түрде жүргізу керектігіне көзім әбден жетті :) «Ешкім көріп тұрған жоқ қой, ертең жасай саламын» деген күнделікті паразит сөздерімнен де қоштасқандаймын ;)

Айтпақшы, Нұршат, сізді өткен туған күніңізбен құттықтаймын! Бар болыңыз! Нар болыңыз! Аман болыңыз! Сіз айтқандай, эстафетаны жалғастырдым. Ол жайлы келесі блогымда тоооолық жазатын боламын ;)  



Бөлісу: