Өзіңмен күрес өлгенше!

Өзіңмен күрес  өлгенше!
жеке
блог

Сәлем, Массагет, Массагеттік  достар, оқырмандар :) Miss Zee бастаған  эксперимент  мені  де ойландырып, кезекті  блогымды  жазуға түрткі  болып отыр.  Рақмет сізге ;) Сонымен,  көп сөзбай,  бірден  шаруама  кірісейін)

Алдын  массагеттің  белсенді  мүшесі едім. Қазір мүлдем кірмеймін демеймін, анда-санда  бас сұғып тұрамын. Не дегенімен  маған  бұл  жер  ыстық қой ;) Соңғы кезде достарыммен жиналғанда "өзгеріп кетіпсің, бұрын жақсы едің" деген  мағынада  сөздер  жиі  айтылатын  болды. Дос  деген көпшілік алдында  жамандығыңды  жасырып,  жақсылығыңды асыратын адам  ғой. Тиісінше, оңашада  кемшіліктеріңді  жаныңа  батырып, көзіңе  шұқып  тұрып көрсетеді. Осындай  достарыма РЕСПЕКТ! 

Бір істі  бастап,  оны  аяқсыз  қалдырғанды  жек  көремін. Нақтырақ айтқанда,  жек көретінмін. Қазір, байқасам, соңғы кездері  өзім бастаған ісіді аяқсыз қалдырып  жүр екенмін. Сонымен,  менің  өзіммен күресім бірінші жаман әдеттерімнен арылудан басталады. Оған бір апта уақыт  беріледі. Яғни, бұрын аяқсыз қалдырған  баааааарлық жұмыстарымды осы аптада  аяқтауым тиіс. Орындамаған  жағдайда,  бір апта  демей-ақ қояайын, 3 күн  әлеуметтік  желіден шеттетілемін. Бұл мен  үшін жазаның ең ауыр  түрі. Себебі, әлеуметтік желілерсіз  жүре алмайтындай жағдайға  жеткем :( Өзіммен  күрес  барысында,  бәлкім,  осы  олқылықты  да  жөндермін. Ал, ендеше іске  сәт :) Маған сәттілік :).