Мен оралдым
жеке
блог
блог
Сәлеметсіздерме! Бұл менің екінші, шығарғалы отырған блогым. Алдынғысын (ссылка) белгілеп қойдым.Мен қазір 2-курс студенті болдым. Сабақ үлгерімімді айтарлықтай жақсы деп айта аламын. Есеп және аудит мамандығы ұнамаса да , үйреніп кеттім. Ата - анама өкпем жоқ. Мен негізі кішкентай қалашықта тұратын қызбын. Колледжге түскеннен бері 2 жыл үлкен қалаға бардым. Ондай үлкен емес , сонда да біз үшін үлкен болып саналады. Айтайын дегенім осы 2 жылда көп нәрсе өзгереді екен. Мен ата - анаммен тұрғанда ерке, болашақта не болатынын көп ойлай бермейтін, тек бүгінмен өмір сүрген 15 жастағы оқушы болатынмын. Ал қәзір мен өзімнің өзгергенімді сеземін. Тіпті алға қойған мақсаттарым, армандарым да өзгерді. Бұрында тек ата - анаммен қыдырсам екен деген мақсат түрлері болды. Қазір - сабағымды жақсы оқуым керек, ата - анам мен үшін ақша тауып жүргой, - дегендер жиі ойландырады. Арманым? Арманым- бай адамдардың қатарынан болу. Мен үшін байлықтың неше түрі бар. Байлық мен үшін бақытпен тең десем де болады. Мысалы : Менің және отбасымның денсаулығы - байлық , кішкентай бүлдіршін сіңілі , інілерімнің білімінің тасуы - байлық , менің өзімнің аяғымнан тұрып , өзіме өзім ақша таба алсам - байлық. Міне байлық деген мен үшін осылай сипатталады. Қазір бизнес бастау бәрінің қолынан келеді деп ойлаймын ,тіпті ақшасы аз немесе тіпті ақшасы жоқ адамның да. Менде бұйыртса бизнес ашқым келеді. Әрине, өзім емес. Қасымда 3 апам бар. Олардың үшеуі де заңгер мамандығын бітірген. Сол маған идея - Заңгерлік центр ашу) Алла қаласа арман мақсаттарыма жетемін деп ойлаймын.
Мен өзім туралы айтсам да , мен сияқты адамдар бар деп ойлаймын:)
Пікір қалдыруды ұмытпаңыз)
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сіздермен болған сіздің сырлас періштеңіз! Сізге Бақыт және Байлық тілеймін.