Ойланбай қабылдаған, жақсы шешім...

Ойланбай қабылдаған, жақсы шешім...
жеке
блог

   Міне, алғашқы рейске билет алып, ұшағыма отыратын сәтті күтіп отырмын. Санамда тек үйге қайтып, дастархан басында отбасыммен, анамның тәтті бауырсағы мен ыстық шәйін ішу. Шіркін, сол сәттегі әкемнің айтар ақыл өсиеттеріне ешбір кітап беттеріндегі, ғұламалар жазып өткен теориялық сабақтар тең келмес. Бауырларыңның ерік-жігеріңді кеңге жайатын ақыл кеңесін қоспағанда. Таңғы төрт. Аэропорт. Кіту залы. Анық, жарқын, жіңішке әйел адам дауысы. «Fly Arysten KCA-7115  Алматы-Қызылорда бағытында, ұшаққа отырғызу басталды.»- деген сәттен ұшаққа отырғанша, жүрегім аузыма тығылғандай сезім алапатын сезіндім. Үрей бар ішімде.  Құтты туған жеріме аяқ тиремей кететін секілдімін. Қорқыныш шығар бәлкім, сомалётке отырмағаныма да біраз болды ғой. Бар ойым анашымның күлкісін көру, жо-жоқ алдымен оның реакциясын көру, сағынышын сезіну. Отбасымды қуанту мақсатында ешкімге айытпастан ең жақын, таңғы рейске билет алғанымды тек ағамды ғана құлақдар еттім. Онда да ұшуыма бір-екі сағат қалғанда...

 

 Ұшаққа отырған сәт есімде. Терезеден  Алматыны алақандай ғана болып тұрған сұлбасын көріп, Алматыда жүрген сәтімде, Көктөбеге бір бармағаным есіме түсті. Жоғарылап келеміз. Аспанды тесіп өткендей сезіндім. Иә, таңғы алтыда күн мен айдың таласып жатқан сәті ғой. Батыстан батып келе жатқан айды, шығыстан шығып келе жатқан күнді тамашалап таңврқау үстіндемін. Әрине, көкте тұрып, жерді тамашалаған сезімді жазып жеткізу бұл тіптім мүмкін емес қой. Не бір ақын, ғұламалар бұл сезімді ашық,айқын жазып жеткізе алмаған емес пе? Бәлкім, мен секілді айтарға ұзын тілдері байланып, жазарға қаламдарының сиясы тауысылған шығар мүмкін. Көзім ілініп кетіпті. Студент екенім сезіліп таңға дейін кітап оқығанымнан болар.Бортсеріктің сөзінен шырт ояндым. «Алматы-Қызылорда бағытындағы жолымыз тәмәмдалып қалды. Белдіктеріңізді тағып, қонуға дайын болыңыздар»-еді оның үні. Терезеге қарай бергенімді. Ақ мамыққа оранғандай күй кештім. Шіркін, қолдарыммен ұстап көрсем ғой мына кереметті... Ооо, бұлттар сендер қандай мамықсыңдар. Ішімдегі, кішкентай ғана сап-сары бала Ардақ оянғандай болды құтты. Еее Алланың құдіреті. Жаратқан қандай ұлық еді. Осынша ма өмірде қараңғылық пен жарықты қалай бір етеді деген ой келді санама. Ойымды тағы да бортсерік бөлді. Бұл жолы қуанышты сөздермен. «Біздің сапарымыз сәтті аяқталды. Біздің әуе компаниясын таңдағандарыңызға рақмет.» Әрі қарай ұшақта отырған дүйім жұрттың шапалағы. Бұл әрбір ұшақта болатын дәстүрлердің бірі. Сапарымызға сәтті жете бергенде, бізді аман-есен отанымызға алып келген ұшқыш пен бортсеріктеріне рақметіміз бен сыйластығымызды оларға құрметпен білдіреміз.

                 Тұған жер сен не деген ыстық едің? Аяғымды өзіңе тірей бергенімді салқын желдің ызғары, бойымдағы сағыныштан өте алмады кеудеме. Қызылордам. Ыстық желің мен шаң топырағыңды сағыныппын ғой, шіркін. Қуанышымда шек жоқ. Ұлы сезімдердің бірі. Отанға деген махаббат. Әрине үлкен қала, мегаполис Алматының қасында, 200.000 ғана тұрғыны бар Қызылордам мен үшін ауыл іспеттес болып қалады. Алматылықтар ауылға қашан деген уақытта шамданушы едім. Ауыл емес Қызылорда ол қала да емес, облыс деп. Қазір сол уақытты еске түсіріп күлесің ау.

Жалт-жұлт етіп, айналамдағы адамдардың көптігінен ағамды іздей бастадым. Көзім мөлтілдеп тұрғанымен, бұрыңғы аңқау Ардақ жоқ. 41 күн болсада, үлкен қала, жаңа орта санамды кеңейтіп, қасқыр қылмаса да, бөлтірік қылды. Әр нәрсеге көңілшектігім ұстап қалатын қылығым жоқ бұрыңғыдай.

Қоңырау үні естілді құлағыма. Телефон беттеріне аға деген жазумен қызыл жүрек шықты. Тұтқаны көтере сала «Аман-есен жеттің ба, Алтыным.» деген үн тұла бойымды тітіркендіріп, көзіме жас алып келді.Бұл жылы сөзді естімегеніме де бірнеше аптаның жүзі болыпты ғой. Кіту залының терезесінен телефонмен, сөйлесіп келе жатқан ағамды көріп, есікке жүгіре шықтым. Бетіне сүй сала, мойнына асылдым. Түсінбей қалсада, құшағын кеңінен ашты жалғыз арқа сүйер ағам.

Жол бойы. Аэропорт пен үйге дейіңгі жол тым ұзақ. Жол қысқарсын деген оймен әңгімелерін айтып, үлкен қалаға деген адаптация жөнінде сұрақ қойып жатыр маған. Жауап беріп келем, бірақ бар ойым тыныштықта терезенің бергі бетінен отанымды тамашалау. Күннің нұры бетіме сезілді. Бұрғы әдетіп әлі бар екен. Күн нұрынан ляззат алып,жаңа энергия алмасқандай боламын.

Сыр елінің басты эмблемасы болғандай Сырдарияның жиегінен жүріп барамыз. Бұл жағалау өте ыстық маған.Өзге қаладан туыстарым келседе, достарым келседе мақтанышымыз ретінде Сырдың етегіне апаратынмын. Ең бастысы Сырдарияның етегі десе отбасыммен күнде кешкілік серуенге шығатынымыз ойыма келетін бірденнен. Ия, ауылым десе отаным десе ең бастысы ой көк жиегіне отбасым деген таным келеді емс пе?! Отан отбасынан басталады деген жақсы бір стереотиптің арқасында отан деген таным отбасымызды еске алдырады.

Таң ата үйге келдім, әкемнен басқасынан бәрі тәтті ұйқы үстінде. Төсектеріне барып, беттерінен шөлп-шөлп сүйе бастадым. Түсініксіз бейнемен тәтті ұйқыларын бұзып, көздерін ашу үстінде. Қызық, анамнаң басқаларының барлығы құшақтарын кеңге жайа қарсы алды. Ал, анам болса «Әй, няғып жүрсің, Сабағың қайда»- деп бүрсе қалды. Иә, оныда түсінуге болады. Қашанда болса ана баласының алдыға жылжуы үшін жағдайын жасайды емеспе, сол үшінде ұрсады. Мен Алматыда жүрген уақытымда анам маған қолдау болды, мені мақтан тұтты. Өйткені сөздің шыны керек Алматы табиғаты жабылған кітап беттерін қайта ашып, ақындық өнеріме тағы бір мүмкіндік беріп шабытымды шындаған болатын. Сол есіне түскен болар мүмкін. Екі жақты да қатарынан сүйдім,бірақ таңдау барысында кіндік қаным тамған жер, 7 жасқа дейін жер анамнаң таяқ жеп, одан кейін балалықтың лебі мен өз анамнан таяқ жеп өскен, көзімнің жасын Сырдария етегінде сығып алатын сәттерді сағына ауылымды таңдадым.  

Құстарың ерке көлдегі,
Тербейді желің құрақты,
Құйын да тентек, сендегі
Балалық шағым сияқты.
Іздерім қайда құмдағы,
Су алып қайтқан құдықтан.
Алқызыл гүлдер қырдағы
Бантигім шығар ұмытқан.
Баламен сотқар желді күн,
Желбіреп шашым, жарыстым.
Бойжеткен қызбын мен бүгін,
Ол күндер қалды алыс тым.
Сыбдыры таныс талыңның
Сырлас жел, самал, дауылың.
Оралмас балғын шағымның
Белгісі сенсің, ауылым.

    

Деген өлең жолдары түсті есіме бұл тұста. Қазіргі мендегі ішкі сезімді, сөзбен суреттей алмай жатқан өлең жолдарымен бейнелегендей Ақұштап Бақтыгереева‎. Иә, ауыл десе бойымызда басқа қан қайнайды ғой. Тауы болмаса да бауы бар, көгі болмаса да ыстық желі бар, балығы болмаса да күріші бар ауылымды сағыныппын.
Орны бөлек мекен ғой ауыл деген
Оны мен өле-өлгенше сүйіп өтем.
Ата-баба мұрасын сақтап өтсем,
Ұрпақтарға адал міндет атқарар ем.
Әй, сіңілім бері қара, ұғыншы сен
Отанның ұлылығын саралада.
Отан деген оттанда ыстық мекен ,
Оны мен соңына дейін сүйіп өтем.
Деп соңғы нүктесін қойғым келіп отыр, сиясы кеппеген жаңа өлеңіммен. Ия, отанға деген махаббатты жырламас бұрын, ата-бабаға алғыс айту керек бұл тұста. Ата-бабамызға рақмет айытсақта орын толмас қайғының арқасында, қолдарына қару алып, мына біздер үшін өмірлерін қиып, ұрпағым арқа жайсын деп  жерімізді жау қолынан аман алып қалған ғой тарих беттерінде. Бізге арналып сақталған жерді, бізде арнап сақтаймыз ұрпақтарға енді.