АҚШ Жерге жақындап келе жатқан үлкен астероидты бақылап отыр

АҚШ Жерге жақындап келе жатқан үлкен астероидты бақылап отыр
Фото: positime.ru

АҚШ-тың ғарыш орталығы жерге жақындап келе жатқан үлкен астероидты бақылап отыр, - деп хабарлайды 24.kz epochtimes.ru басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

БАҚ мәліметінше, ғаламшарымызға диаметрі шамамен 1,3 шақырым болатын үлкен астероид жақындап қалды. Бірақ ғалымдар оның Жермен соқтығысуы екіталай екенін айтып отыр.

"NASA мамандары астероидтың ғаламшарымызға бұрын-соңды жақын таяп келген аспан денелері ішіндегі ең үлкені екенін айтты. Сарапшылардың мәлімдеуінше, егер ол Жермен соқтығысcа, ғаламшардағы халықтың бестен бір бөлігі қырылуы мүмкін екен. Қазір қауіпті аспан денесінің қозғалысын АҚШ-тың Кеннеди атындағы ғарыш орталығы бақылап отыр", - делінген мақалада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жерге 40 метрлік астероидтың жақындап келе жатқаны хабарланған.

М. Бисембаева