«Реал» Чичаритоны сатып алмақ

О Сансызбай Корреспондент
«Реал» Чичаритоны сатып алмақ

Мадридтік «Реал» уақытша клубта өнер көрсетіп жүрген Хавьер Эрнандесті (Чичарито) біржола сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы испан басылымдары хабарлауда.

БӨЛІСУ

Чичаритоны «Манчестер Юнайтед» «корольдік клубқа» уақытша жалға берген болатын. Соңғы ойындарында мексикалық шабуылшы мадридтік клубтың негізгі құрамында өнер көрсетіп жүр. Себебі, шабуылшы Карим Бензема мен Гарет Бэйл жарақатына байланысты алаңға шыға алмауда. Осы мүмкіндігін пайдалануға тырысқан Чичарито соңғы екі ойынында үш гол соғып көзге түсті.

«Реал» мен «Манчестер Юнайтед» клубтарының келісімшарты бойынша мадридтік ұжым шабуылшыны өздерінде қалдырғысы келсе 10 миллион евро төлеулері қажет. Десе де алдағы бірнеше ойында Чичарито тағы жақсы қырымен танылар болса, Флорентино Перес футболшы үшін ақшаны аяп қалмақ емес.

Айта кетейік, Чичарито деген есіммен танымал футболшы «Реал» сапында 18 ойынға қатысып, 6 гол соққан. Жақында ғана «корольдік клубты» жартылай финалға алып шыққан жеңіс голын да осы шабуылшы соққан болатын.  

Cурет: tageswoche.ch