Мамандық таңдау маңызды мәселе!
жеке
блог

Мамандық таңдау маңызды мәселе!

Адам өмірінде таңдау жасап,әр-түрлі қателіктер жіберіп жатады. Ал сол таңдауда қателеспей,екінші мәрте ол мүмкіндік берілмейтіндей екі ұғым бар екені белгілі емес пе? Оның біріншісі – жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау.

Мамандық таңдау-маңызды мәселе. Бұл маңызды мәселе арқылы сен өз болашағыңды көре аласың,сол бойынша жүмыс жасайсың. Тардай болып мектеп табалдырығын аттап,ересек кезеңге аяқ басқаннан бастап,санамызды болашағымыздағы жұмысымыз бен,мамандығымыз туралы сан түрлі ойлар мазалайтыны белгілі құбылыс. Осы кезеңде «мен кім боламын?» деген сұрақ әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Әсіресе,11 сынып оқушылары ұзақ ойланады. «Мен таңдаған мамандық мені жетістікке жеткізе ала ма?», «мен дәл осы мамандықты таңдау арқылы ата-анамның артқан үміті мен сенімін ақтай аламын ба?». Біраз уақыт бұрын мен де дәл осындай сұрақтардың жетегінде өте көп ойланып,қиялдап, әр-түрлі салаларды өзімді елестетіп көрдім.

Алғашында өзімнің ұстазыма қарап,бастауыш сынып мұғалімі болуды армандадым. Уақыт өте келе өзімді шығармашылық адамы ретінде, Жібекті осы салада көретініме мол сеніммен қарадым. Оның себебі, менің отбасым Алматы облысындағы «Өнерлі отбасы» деген атағы бар.Туылғанымнан бастап күн сайын үйімізде әр-түрлі әндер естіп,орындап, баян,қобыз,домбыра,фортепиано секілді аспаптармен әндер орындап,соған машықтанып қалған едім. Есімді біле бастаған уақытта әкем,анам,ағаммен бірге әр-түрлі гострольдік сапарларға барып,ансамбльмен үлкен сахналарда әр орындап,сахнаға деген махаббатым оянды. Содан бастап өзімді өнер адамы ретінде көре бастадым. Айтпақшы,сол концерттерде мен жүргізушілерге қатты қызығатын едім. Содан үйге келіп,барлық грамоталарды жинап,өзімді сахнада тұрып,марапаттарын табыстап жатқандай елестететінмін. Осы арманыммен Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне барып, «Вокал» және «Дәстүрлі ән» бойынша  5 жыл оқып, үздік ,қызыл аттестатпен тәмәмдадым. 11 сыныпта мамандықты нақтылау керектігін ескере отырып, оқып бітірген әншілікті қайта оқып,уақытымды босқа кетірмейін деген мақсатпен,көп ойланбай «журналистика» деген үлкен саланы таңдадым.

Асқар таудай әкем,әрқашан бізге ақылдарын айтып отырады. Және бір күні маған: «қызым,журналист болсаң,көптің қатарында емес,көптің алды болу керексің. Қазір бұл саланы оқып,жұмысқа тұру қиынға соғуы мүмкін»,- деп өз ойын білдірді.  Бірақ мен осы саланы таңдау арқылы,өзімнің жарқын болашағымды көре аламын. Бірнеше уақыт бұрын «Жетісу» телеарнасы, «Жастар Жалыны» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің шақыртуын алып,сұхбаттар бергеннен кейін,әкемнің менің болашама деген сенімі ұялағандай...

 Қиындығы мен қызығы қатар жүретін,көп ізденісті талап ететін журналистика- менің болашағымның айқын көрінісі деп білемін.

Осы орайда, Абай атамыздың: «Сен де бір кірпіш дүниеге,тетігін тап та,бар қалан»,-деген ұлы сөзі есіме түседі. Осы бір қасиетті сөз адамды жігерлендіріп,мақсатқа жетелейтіні сөзсіз. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандайтын бала кем де кем.

Мамандық таңдаудың  маңызды мәселе екенін ескере отырып,осы мамандық арқылы биіктен көрініп,өз мамандығымның нағыз үздігінің қоғамға қажеттілігін сезіне отырып,мықты журналист болуға бар күш-жігерімді саламын.