Эстафета : Менің 2019 жазым.

Ассалаумағалейкүм, Жақсыларым!!!
   Биылғы 2019 жылғы жаз Сізге не берді? 
    Бүгін қолыма қалам алуыма себеп болған Әсел ханымның Маған жіберген эстафетасы болды:)). 
  Мен қайда демалдым? 
  Ауыз толтырып айтарлықтай демалмадым. Жазда ауылға бардым, бір әке, бір шешеден туылған бауырым Ермек биыл Алланың қалауымен шаңырақ көтерді!!! Шілденің басында қара шаңыраққа құда күтуге жиналдық. Ағайын-туыстың барында ауылды жерде құда күту сөз бе екен? Гүлнұр сіңілім тәттілерін пісіріп, Салтанат пен Баян бөлелерім басы-қасында болып, дайындыққа қатысып қызмет жасап, Жанар, Ұлжан әпкелерім аяғынан тік тұрып көмек көрсетті. Ауылдың молдасы болған 80 жастан асқан атам жүрді аппақ қазақи қалпағын киіп, құшағын жайып құдасын қарсы алып, құрмет көрсетіп. 
 
   Мен жүрмін таңға компот жасап, 5 литр бөтелкелердегі аспаркам қосылған уға тең суды жақындарыма ішкізбеймін деп. 
  Сонымен не керек өз жөнімен  құдалық та өтті, Аллаға шүкір. 
 
    Ал енді негізгі бөлімге көшейік :)). 
   Жалпы биылғы жаз Маған өмірімдегі үлкен сабақ алып, тәжірибе жасап, ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ШЫҢДАЛҒАН, ПІСІП ЖЕТІЛГЕН, ӨМІРІМЕ ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІС ЕНГЕН, ҚИЫНДЫҒЫМЕН ҚУАНЫШЫ ТЕҢ КЕЛЕТІН ӨМІР АТТЫ СОҚПАҚ ЖОЛДА АЯҒЫМДЫ НЫҚ СЕНІММЕН БАСУҒА, осы тұрған 50 млрд клеткадан құралған 63 кг денеде қорқыныш, ыңғайсыздық деген жағымсыз, қажетсіз сезімдердің жоқтығына күә болып, Жаратушы Аллама ең көп сансыз ШҮКІРЛІК пен МАДАҚТАР айтып, дұрыс пен бұрыстың парқын жілікше шағып, майын ішкен ерекше 3 айға созылған ТАМАША есте қаларлық мезгіл болды!!!
     2019 жаздың елеулі өтуіне мына кісілер: Ахметбек Нұрсила, Аманжол Рысмендиев, Қуаныш Шоңбай, Сайдмурат Давлатов, Әсел Сыдықова, Құралай Ханым үлесін қосты. Және өмірден алған көркем фильмдерден орасан сабақ алдым! 
    Бұл кісілермен қатар құрбыларым: Роза, Әсем, Индира, Гүлжанат, Жанна, Айнұр, күйеу бала Сержан,  туыстарым: егіз сіңілілерім Анар, Жанар, бауырым Мәлік, жеңгем Айгүл, нағашым Кунсая, інілерім Нұрлан, Аслан, бөлем Баян, Асхат, Мақсат, әпкем Гүлфия, Жанар, Айжан, жездем Берік тағыда басқа аты аталмаған Жақындарымның тәжірибелерінен сабақ алдым:)).
 
      Иә,жазда  қыдырмадым, суға түсуге 1 рет бардым, бірақ,  Алламның қалауымен зейінім ашылып, Маған бақ-берекенің асып-тасып келіп жеткен кезі болды!!! 
 
      Биылғы жазда шығарған қорытындым Алланың жұмыр басты пендесіне берері көп, пенденің ісі адал, таза ниеттен туып, әрекетке ұласса!!!


Бөлісу: