"Менің өмір сүргім келеді"

Төрт әріптен тұратын осы сөзде адамның санасы,ғұмыры,іс-әрекеті көрініп тұрмайма?Жер бетінде қаншама адам болса,олардың өмірге,өмір мәніне деген соншама ұстанымы бар емеспе!Өмірдің мәні неде?Қарапайым адам бола білу,әрбір сәттен ләззат ала білу, алға қойған мақсатыңа талпыныс жасау,әрбір нәрсенің байыбына жете білу деп білемін.Менің өмір сүргім келеді.Басыңды тауғада,тасқа да соқтыратын ғұмырды еңсеру мақсатым.Бізге берілген өмірді сүрудің өзгеше қалыптасқан қағидасы жоқ.Өмірімде кешіп жүрген күндерімнің өкпелейтіндей сәттері болмағанын қалаймын.Адам болып қалу,адами құндылықтарымды ұмытпау басты парызым.Мен әрбір өткен күндерімнің ,жылжыған сағаттарымның,соққан минуттарымның қадірін жетік меңгере алдым.Әр кезең балалықтан-шалалыққа,шалалықтан-саналыққа өткен кездерім мен беттеген биігіме бастар нақты қадам.Атым аңызға айналып,тарих беттерінде қалмасамда,абыройым қалса деймін.Елін сүйген перзент болсам,мықты журналист болсам,бұл фәниде меннен асқан бақытты жан болмас сірә.Ел ертеңіне елеңдеп,жұртымның жоғын жоқтап,ел үмітін ақтап,жарқын болашақ үшін,болашақ ұрпақ үшін,өмір сүргім келеді.Өмір сүремін.Отбасым үшін,айналамдағы қоршаған жандар үшін!Жасым  небәрі 19да."Жап-жас болып алып не айта алар бұл?" деген сауалдардарда туар бәлкім.Өте жас болсамда сол жылдар аралығында түйген,ойға алған нәрселерім сан жетпес."Көрдім,керегімді ойға түйдім..."


Бөлісу: