Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды?

Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды?

Қазіргі кезде басы бос қыздар аз емес. Сыртына қарасаң, әдемі, көз тартарлық келбеті болса да, неге мұндай қыздар жалғыз болады?

Бұл сұраққа жауапты қыздардан емес, жігіттерден сұрау керек. Ал олардың беретін жауабын жүйелеп қарастырғанда мынадай тізім шықты:

1. Өзіне сенімді

Бұл типті әйелдер жұмыста, өмірде, отбасында бәрі керемет екенін баяндай жөнеледі. Алайда ол жиі шындыққа жанаспайтын ақпарат болып шығады. Яғни, өздерінің мінсіз өмірі жайлы жалған сөз айтудың себебі шындықты мойындай алмауда.

2. Тым талғампаз

Бұл мінез де ерлерді алаңдатады. Өзін белгілі бір мәдениет ортасына лайық деп санайтын қыздың қасында қарапайым жігіт ыңғайсыз сезінуі ықтимал. Оның қызығушылығына ортақ бола алмасаңыз, қарым-қатынастарыңыз да ұзаққа бармайды.

3. «Жақсы қыз»

Мұндай типті қыздар әдетте, үйге кешкі 10.00-ден кешікпейді, арақ-шарап ішпейді, темекі тартпайды. Керемет емес пе? Алайда (!), аңсаған «жақсы қызын» кездестірген жігіт өз еркімен бұл бақыттан бас тартады. Неліктен? Себебі ол темекіден, алкогольды сусыннан, құмар ойындар мен кешкі отырыстардан әзірше бас тарта алмайды. Демек, мұндай қызбен де жүре алмайды.

4. «Күйеуге шығу керек»

Екі-үш кездесу өтер-өтпестен ата-анасымен танысуды, үйлену тойын ойластырып, жоспарлайтын қыздар бар. Бұл типті жандардан ерлер артқа қарамастан безеді. Мұндай қыздар үшін «университет қабырғасынан танысып, мәңгі бақытты өмір кешу» бас мақсат болып келеді. Әрине, ерлерге де отбасы керек, алайда, әр нәрсенің өз уақыты, орны бар, сондықтан аз сөз алтын дегендей, мұндай дүниелерді жоспарлауға асықпаңыз.

5. Қалталы демеуші

Әрине, кез келген жігіт қыз баланың ақша шығаруына жол бермеуі керек. Алайда бұл дегеніміз жігіттің қаржылай көтеруі тиіс екенін ашық түрде білдірту емес. Себебі, кейбір қыздардың санасында «ер адам барлығын өзі төлеуі керек» деген ұстаным қалыптасқан. Мұндай бетпақтықтан кез келген жігіттің көңілі қалуы мүмкін.

Жалғасы бар...

Сурет: ©Тимур Утешбеков

Оқи отырыңыз:

Жасөспірім қыздарға кеңес

Сіз – қайталанбас тұлғасыз

Қыздар қандай ер адамдарды ұнатпайды?

Жаңа жылда қандай жігіттер көп болсын? (Қыздардың арманы)

Ф. Абилова