2015 жылдың басты түсі анықталды

2015 жылдың басты түсі анықталды

Pantone Color Institute 2015 жылы сәнге айналатын түсті анықтады. Бұл туралы институттың жеке сайтында жазылған.
Мамандардың айтуынша, келер жылда «марсала» атты түс сәнге айналады.

Марсала – қанық қызыл мен қоңыр араласқан түс. Сицилиялық шараптың түсімен үндескендіктен, осылай аталған. «Аталған шарап түскі астан ләззат сыйласа, оның түсі табиғилығымен еліктіре түседі», - деп жазады Pantone сайты.
Мұнымен қатар, институттың атқарушы директоры Леатрис Айсман аталған түстің бойға сенімділік дарытып, тұрақтылық орнататындығын айтты.


Pantonе 2000 жылдан бері ең үздік түстерді анықтаумен айналысып келеді. Зерттеу барысында, сәнгерлердің, косметологтардың да пікіріне құлақ асады.
Жыл түсін анықтау үшін киноиндустрия, түрлі коллекция, әйгілі туристік бағыт, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалар сындыларды ескереді. Анализдеушілердің айтуынша, жылдың үздік түсі тұтынушылардың көңіл күйіне сай келуі тиіс. Өткен жылы - "жарқыраған орхидея", 2013 жылы – "меруерт", 2012 жылы – "мандарин танго" сынды түстер сән әлемінде үздік деп танылған болатын.

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай