Айнадағы мен
жеке
блог

Айнадағы мен

Әркез айнаға қараған сайын бойында сенімділігінен қарағанда сенімсіздігі басым, өзінің әр әрекетінен кемшілік іздейтін, қырсықтығын қолынан келгенше түзетуге тырысса да нәтиже шығара алмаған тұлғаны көремін.

Шешім тапай қиналған сәтте барлығын ой елегінен өткізіп, кейде өзіме-өзім бір нәрсені дәлелдеп әлек болып жатамын. Өзіммен-өзім сөйлесіп, қабырғаммен кеңесетін сәттер болады. Десе де, менің ойымды, сөзімді, сезімімді түсінетін, тыңдайтын біреудің барын білемін. Бір тілерім, сырты бүтін болғанымен іші қуыс адамдардың қатарынан табылмасам екен деймін. Шіркін, тек сырт кескін-келбетті ғана емес, жан дүниеңе де үңіле алатындай айна болса.

Ал, кейде айнадан әкесі мен анасының кішкентай ерке, бұрымды қызын көремін.