Менің таңдауым.

Мен Бекенова Асем Әл Фараби атындағы  Қазақ  Ұлттық Университеті  шығыстану  факультетінің  3  -курс  стундетімін.  Мектеп  қабырғасын  тәмамдай сала,  бірден дәл  осы  университетке оқуға  түсуге  шешім  қабылдадым.  Өзім жаратылыс  бағытынан  гөрі гуманитарлық  бағытқа  жақын  болғандықтан болашағымды  бірден тіл  үйренуге , аудармамен айналысуға арнаймын деп шештім.  Әрине  бұл  мақсатымның, арманымның  орындалуына себепші ол атағы  жер жаратын  ҚазҰУ .   Қазіргі  күнде 3 –курс  студентімін . Осы 3 жылдың  ішінде  университет  қабырғасында ұшан -теңіз  білім мен қоса  өмірлік  тәжірибе де  алып  үлгердім.  Әлемде  жылдан  жылға  перспективасы  ұлғайып , Қазақстанның басты  серіктесі, жақын  көршіміз  болып  отырған аспан асты елінің  тілін  үйренемін  деп мақсат  қойып  енді  қазіргі  күнде  үш  ұйықтасам  түсіме кірмейтін  деңгейде  қытай тілін  меңгеріп  отырғаным осы ҚазҰУ-дың   шығыстану  факултьеті қытайтану  кафедрасының білікті ұстаздарының  бізге құйған  білімі мен тәлімінің  арқасында. Өз  факультетім  әрі  кафедрам  жайлы  айтар  болсам , студенттің  тілді  меңгеруіне  жан-жақтылы білім  алуына бар  мүмкіндік  бар жағдай  жасалған.  Жыл сайын  семестрдің  бастала салысына  қарамай қытайтану  кафедрасы  бірден қоғамдық шараларды  өткізуге  кірісіп  кетеді,  бір ерекшелігі біз  тек өз  ұлтымызға  тән  мейрамдарды  ғана  тойламаймыз  сондай ақ  өзіміз тілін меңгеріп  жүрген  ұлттың  да  ірі мерекелерін  назардан  тыс  қалдырмай ,  түрлі  шаралар ,  форумдар,  конференциялар  өткізу  арқылы насихаттап  тұрамыз. 

Әрине  бұл  шараларға  қытайтану  кафедрасының  белсенді  студенттері  ат салысып , барынша қолдау  көрсетеді. Мысалы  айтсақ  Қытай жаңа жылын  жылда ірі  көлемде тойлап жатамыз.  Ал жыл сайынғы  ұйымдастырылатын  қытай әндер  байқауы да біздің  ірі шаралардың  бірі. Өз басым 2 жыл  қатарынан  осы ән  байқауына қатысып жүлделі  орындарға  ие болдым. Бұл  конкурстар  бізге  көптеген  мүмкіндіктер береді ,  көптеген достар табамыз , әрі  осы халықтың  мәдениетін  түсінуге  оған  бір  қадам жақын  болуға бар  жағдай  жасайды.  Бұл тек қоғамдық  ойын  сауық  шаралары  болса,  білім  жағынан бұдан да көп жарыстар ,  студенттік  конференциялар,  халықаралық, республикалық олимпиадалар   ұйымдастырылып  жатады.  Бұл  студент  үшін  үлкен мүмкіндік  әрі  тәжірибе. Себебі  студент  өз білімін  сынай  алады, осыншама жыл  алған  білімінің  нәтижесін  шығарады . Ал  жүлделі  орындар үшін  аспан асты еліне гранттар  ұсынылады , әрине бұл  тілді  меңгеруші  үшін  үлкен сыйлық  ол бұл грантты ұтып  сол елде 1 жыл  көлемінде  тегін  оқи алады, бұл әрбір адам  үшін  таптырмас  мүмкіндік. Өзім  де  бұл  олимпиадаға  биылғы  жылы  қатысып  жүлделі 2 -орынға  ие болдым. Мен  үшін  бұл үлкен жетсітік  болды. Жалпы  біздің факультетімізде  біздің  кафедрамызда студент  тек білім  алмайды одан  бөлек  өзін , сана сезімін  өсіреді,  тұлғалық  жағынан  қалыптасады. Сол себепті  бұл таңдауыма  еш  өкінбеймін.

 

3-курс студенті : Бекенова А.М

Жетекші,куратор-эдвайзер : Анипина А.К



Бөлісу: