Менің шығыстануым.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде қазіргі таңда көптеген олимпиадалар өткізіліп жатыр. Әр жыл сайын өткізілетін мамандыққа арналған олимпиада жайлы айта кетсек, олимпиада 2 турдан тұрады. Өз басым, «Шығыстану» мамандығында оқып жатқаныма байланысты олимпиадаға қатысып бағымды сынап көрдім, тек ҚазҰУ студенттері ғана емес, басқа университет студенттері де қатысты. 2-ші турдан өткен студенттер бағалы сыйлықтармен марапатталды және 1,2,3 орын алған студенттер ҚХР оқу орындарында оқуға грант берілді. ҚазҰУ-де әр жыл сайын өтетін жобалардың бірі - «Айналаңды нұрландыр», бұл жоба барысында біздің шығыстану факультетіндегі студенттер балалар үйіне жол тартып, өз көмегі ретінде жексенбілік тазалық шарасын өткізген болатын, бұл үлкен еңбек түрі болмаса да әр студент кең пейіл, ақкөңілмен өз міндетін орындаған болатын. ҚазҰУ-де студент өзін жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік өте көп, бастысы білім мен еңбек! Тұйғынбекова А.Қ. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының 3 курс студенті Эдвайзер: Анипина А.К.


Бөлісу: