Үйім-салоным:Кремдік текстурадағы ерін далабы

Кремдік текстурадағы ерін далабы-осы маусымда сән саласындағы маңызды объектіге,күтімі жақсы қыз-келіншектердің редикюріндегі басты косметика құралына айналды.Әлемге танымал түрлі брендтер де түрлі-түсті,көздің жауын алып,жүрегімізге қадалатын ерін бояуларын жасап шығаруда.Алайда,бұл сән құралдарының бағасы да арзан емес.Сондықтан,қыздар,бүгін сіздермен кішкентай құпияммен бөлісемін!Егер сізде бетке жағатын тон беруші крем (тональ крем,тоналка) және кез-келген өзіңізге ұнайтын арзан, ерінді бастыратын қарандаш болса,кремдік текстурадағы ерін далабын бірнеше минуттың ішінде-ақ үй жағдайларында жасай аласыз!

Кремдік текстурадағы ерін далабын жасаудың қадамдары:

1.Ең алдымен ерініңізді дұрыстап жуып,қабыршықты тері қалдықтарынан тазартыңыз.(Скраб жасауға болады)
2. Еріннің контурын қарандашыңызбен бастырып шығыңыз.Бұл арқылы ерініңізді сізге қажет формаға келтіресіз.(Ерніңізді кішірейтесіз не үлкейтесіз)
3.Аз мөлшердегі тон беруші кремді ерініңізге мұқият жағып шығыңыз.(Шамадан тыс тон беруші кремнің үстіне ерін бояйтын қарандаш жағылмай қоюы әбден мүмкін!)
4.Ерініңіздің ішкі бөлігін,яғни,тон беруші кремнің үстінен қарандашыңызбен бояй бастаңыз.Сізге қажетті ерін далабының қоюлығы қарандашпен бояудың қалыңдығына тәуелді болады.

Омбре эффектін жасау үшін ерініңіздің белгілі бір бөлігін (екі шетін немесе ортасын) қарандашпен қоюлап бояңыз.Бұл тәсіл арқылы сіз сәнді әрі үнемді бола аласыз.

Ерініңізді бояп-сылап болған соң,жымиюды ұмытпаңыз!

Ал сіздер ерін бояудың қандай құпияларын білесіздер?

 



Бөлісу: