Massaget.kz болгы мен күнделіктің айырмашылығы неде?

Бала кезімде газет оқымай тамақ ішпеуші едім. Екі-ақ сыныптық білімі бар анам "газет оқып берші, соңғы жаңалықтарды білейік, қандай қызықты әңгіме бар деуші" еді. Айтпақшы, осы сөзді үйдің кенжесі сіңіліме айтқанда газетті соңынан оқып, кім қайтыс болғанын оқып беріп, анамды қалың ойға түсіріп, қашып кетуші еді. Оған "газет оқыдың ба" десе, "өлген кісілерді ғана оқитынмында жаба салатынмын" деп жауап қайырады, сөйтсем жалғыз ол ғана емес, көп адамдар газетті керісінше оқиды екен. Өйткені саясатты көп адамдар жақтыра бермейтін, қазір бәріміз саясаттанудан дәріс оқитын оқытушыдан кем түспейміз. Массагеттегі айдарлар бала кездегі газет-журналдарды есіме түсіреді, сондықтан оқырман болдым. Блогтарды оқып отырсам тақырыбы да, стилі де сан алуан. Кейбір тақырыптар керемет ойландырса, кейбір тақырыптағы  жазылымдарды керекті материал ретінде қолданамыз. Ала бергенше менде бір өз үлесімді қосайын деп әдістемелік жарияланымнан және күнделігімнен үзінділер жариялап көрдім. Бір қызығы күнделіктегі жазба көп оқылған. 

    Сонымен күнделік пен блогтың айырмашылығы не дейсіздер ғой? Күнделікте тек өзіңе ғана мәлім, жаныңды жеген дүниелерді жазасың, оны ешкімге оқытпайсың, кейде елде оқыса ғой деген жазбаларда түседі. Ол жазбалар отбасы институтына байланысты, оны блогта жазасың, ұқсастығы осы, айырмашылығы блогта адамдар оқып, қоғамдық пікір қалыптасып, блогер бола бастайсың.  Блог – онлайн күнделік. Бұл да күнделікті жазбалардың бірі сияқты.



Бөлісу: