АМАНДАСУ салтымыз...!

АМАНДАСУ салтымыз...!
жеке
блог

      Сәлем, «Массагеттің» оқырмандары! Сіздермен араға екі жыл салып қайта қауышып отырмын. Ия, өкінішке орай біраз қол үзіп қалыппын. Оған себеп көп. 10-сынып оқып жүргенімде бірнеше блог жазып (архивтен оқысаңыздар да болады), оқырмандарымды да жинап алып едім, қазір ешкімнің есінде қалмаған да шығармын. Одан кейін аяулы мектебімнің шаңырағынан қалықтап ұшар  шақта «Ұлы Біркүндік Төңкеріс» деп аталатын сынаққа жол тартып, өкінішке орай блог, мақала жазуға уақытым аз болды. Бірақ сол сынағыма практикалық жағынан болмаса да, психологиялық тұрғыдан «Массагетімнің» көмегі көп тиді. Төртінші билік өкілі боламын деген арманыма қанат бітіргенде сол, әсіресе Қарлыға әпкемнен, Ардақ ағамнан көп ақыл-кеңестер, көмектер сұраған едім. Алғысым шексіз сол кісілерге! Бірақ, өкінішке орай, шығармашылық сынағыма біраз уақыт қалғанда ата-анам ойларынан айнып, қарсы болып шықты (әкемнің өзі де журналист еді, қызының өзі сияқты жүгіріп жүргенін қаламаған да шығар). Бұрындары тек көңіліме қарап келген болуы керек, «жарайды, бірақ жақсылап ойлан» деп ақыл айтып жүрген...  

   Ештене етпес, енді арттағы өмірге өкініш жоқ! Қазір Алматы Технологиялық Университетінде «Биотехнология» мамандығы бойынша 2 курста білім аламын. «Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан» демекші оқу орнымда «жас тілшілер» үйірмесі бар екен. Барлығы өзім сияқты, «журналистикаға» түсемін деп, «технологиялық» университетте қанатын қаттайтқан студенттер, журфактың студенттерінен асып түспесе, кем емес деп ойлаймын, бәрі сөзге шебер, мықты қыздар мен жігіттер. (айтайын дегенім бұл емес негізі)

       Бірінші амандасу салтымыз, не де болса сәлемдесіп, алдағы кезде (бұйыртса) сіздермен өмірімдегі қызығы мен шыжығы мол оқиғаларыммен қатар, шабытпен туындаған шығармаларымды «бөлісу»деген мендегі ой. Сәттілік тілеп қойыңыздар))  Мүмкін шығармашыл достарымды да кездестіріп қалармын...